Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастар саны екі жарым есеге артқан

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов палатаның жалпы отырысында жастар арасындағы есірткіге құмарлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

29.09.2022
Қоғам

Депутаттың айтуынша, бүгінде жастардың денсаулығына, әл-ауқатына және қауіпсіздігіне залал келтіретін өткір проблемалардың бірі – нашақорлық.

«Соңғы үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны екі жарым есеге артқан. Себебі, синтетикалық есірткілер жасөспірімдер үшін арзан әрі оған оңай қол жеткізуге болады», – деді Ғалымжан Елеуов.

Осы орайда мәжілісмен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан синтетикалық және тағы басқа есірткілермен «байланыссыз» сауда арналарын анықтау мен олардың жолын кесу үшін қандай шаралар қолданып жатқанын сұрады. Сонымен қатар есірткі тарататын адамдарды жазалауды қатаңдату жөнінде министрліктің атқарып жатқан іс-әрекеттері туралы сауал қойды.

Марат Қожаев атап өткендей, 2019 жылдан бері есірткі тасымалдаушыларға қатаң жаза белгіленген. Оларды 5 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, елімізде бірнеше есірткі зертханасы анықталып, 105 келіден астам синтетика тәркіленген. Оның бағасы 2 млрд теңгеден асады.

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осы бағытта министрлікте арнайы жұмыс тобы 2019 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Олар күндіз-түні бақылау қызметтерін іске асырып, әрі қарай Ішкі істер министрлігіне тапсырады.

Тегтер: жастарқоғамсинтетикалық есірткі

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz