Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Терроризм жайлы жалған ақпарат бергендер қалай жазаланады?

ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бірінші басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев министрліктің дәстүрлі брифингінде терроризм бойынша жалған ақпарат тарататындар қалай жазаланатынын айтты.

04.09.2023
Қоғам

«Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу (14,5 млн. теңге) немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады. Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары білуі тиіс», — деді Талқанбаев.

Ол атағандай, сот шешімінің негізінде осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс.

«Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған болса, онда шығынды өтеу оның ата-анасына немесе оның заңды өкілдеріне жүктеледі. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама – ол әзіл де, ермек те емес, бұл қылмыстық жазаланатын әрекет екенін тағы да естеріңізге салғым келеді. Жалған хабарлама берілді ме, бұл аяқталған қылмыс болып есептеледі. Істерін істеп алып, кейін қаскөй қанша өкінсе де, ол қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайды. Сондықтан жасөспірімдер мен жастар өз-өзіне есеп беруі тиіс, бір рет жалған хабарлама беру – ол қоңырау шалған адамның өмірін ғана бүлдіріп қоймайды, оның отбасы үшін ұзақ жылдар бойы дақ болып қалады. Артынан қанша «бармағын тістеп» өкінгенмен, ештеңе өзгермейді», — деді ол.

Тегтер: терроризм

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz