Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

10 жастағы бала өлімі: ашынған жұрт жолды жауып тастады

Олардың мұндай әрекетіне 10 жастағы баланың өлімі себеп болған. Тұрғындардың айтуынша, Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер жолымен арғы бетке өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Ал оқушы оқиға орнында қаза тапты. Енді наразы топ жол бойына бағдаршам, арнайы белгі, жарық қоюын талап етіп отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

20.09.2022
Қоғам

«Жол бойына белгі, бағдаршам қою үшін міндетті түрде біреу өлуі керек па? Биліктегілердің салғырттығы. Оған қоса, қауіпсіздікке жауап беретіндердің жауапсыздығы», — дейді жолды жабуға келген наразы тұрғынның бірі.

Тұрғындардың айтуынша, баланы сұлатып түсірген жерден түрлі видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

«Баланың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Бүтіндей бір отбасы қара жамылып қалды. Осындай жағдайдың алдын алуға болмас па еді?», — деп ұрандатып жатыр наразы топ.

Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, Toyota Camry жеңіл көлігін тізгіндеген 24 жасар жігіт Жетіген-Алматы тас жолымен келе жатып, Жаңалық кентінде 10 жасар баланы қаққан. Қатты соққыдан оқушы тіл тартпай кеткен. Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 18:45 шамасында болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, алдағы уақытта аталған оқиғаға байланысты кеңінен тарқатып жазатын боламыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Jumagazy Aqerke (@akerke_zhumagazy)

Тегтер: Талғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz