Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтардың банкке қанша қарызы бар

11 қаңтардағы үкімет отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың қанша несие алғанын және қанша қарызы жиналғанын айтты.

11.01.2023
Қоғам

Агенттік басшысының айтуынша, 2022 жылдың 11 айында банктердің жеке тұлғаларға берген несиелері 29,4%-ға өсіп, 13,9 трлн теңгеге жеткен.

«Соның ішінде тұтыну несиелерінің көлемі 24,1%-ға өсіп, 7,6 трлн теңгені құрады.Несие алушылардың жалпы саны 6 868 мың адам. 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі 5,6% немесе 461 млрд теңге. 90 күннен астам кешіктірілген қарыз алушылардың саны 2022 жылдың басынан бері 121 мың адамға өсіп, 536 мың адам болды», — деді Мадина Әбілқасымова.

Агенттіктің мәліметінше, ХҚҰ-дағы үмітсіз берешектердің орташа мөлшері 299,2 мың теңгені құрады.

Онлайн шағын несиелер бойынша, Мәдина Әбілқасымова толықтырғандай, 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің көлемі 22 млрд теңге немесе 48%. Проблемалық несие алушылардың саны 186 мың адам. Проблемалық қарыздың орташа мөлшері 118 мың теңге.

Халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 2022 жылдың қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық несиелері мен микронесиелері бойынша 90 күн кешіктірілгеннен кейін сыйақыны есептеуге заңнамалық тыйым енгізілді. Сондай-ақ тұтынушылық микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді шектеу бойынша реттеу шаралары қабылданды.

Тегтер: банккредитҚазақстанқарыз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz