Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдік ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері Алматыдан қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды alataunews.kz Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

24.09.2023
Қоғам

Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды тұрғыны арызданған. Жәбірленушіге бейтаныс біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін, белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажет екенін ескерткен. Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

«Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматыдан 22 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Тергеу кезінде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады», — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz