Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық ғалымдар ақбөкенді қолға үйретпекші

Қазақстан Үкіметі жануарларды ғылыми тұрғыдан зерттеуге 750 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

31.01.2023
Қоғам

Сарапшылар ақбөкендерді зерттеп, қолға үйретуді ұсынды. Ол үшін мамандар табиғи мекендеу ортасынан 1800 ақбөкенді айырып, қолда ұстап көреді.

«Бұл кейбір ветеринарлық бақылауларды жүргізу үшін маңызды. Мәселен өсіру, зерттеу, яғни анализдер алу, қарау үшін. Жұртшылықтың өзі ұсынған ұтымды тәсілдердің бірі – оны фермерлер өсіре алатындай етіп ауыл шаруашылығы жануары ретінде пайдалану», — деді Экология министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Астанада өткен брифингте.

20 жыл бұрын дала бөкенінің отандық популяциясы жойылу қаупінде еді, саны 21 мың болатын. Қазір Қазақстанда 1,5 миллионға жуық ақбөкен бар. Олардың көптігі сонша соңғы жылдары егінге айтарлықтай зиян келтірді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жануарды жан-жақты зерттеу арқылы ауыл шаруашылығына және жалпы ел экономикасына пайдалы жағын ойластыру керек.

Шетелде ақбөкен мүйіздері ерекше бағаланады, оларды қазір браконьерлер заңсыз аулайды. Ежелгі сүтқоректілердің еті де сұранысқа ие болуы керек, дейді мамандар. Бұл зерттеу нәтижесі Қазақстан ғылымына үлкен құндылық әкеледі, дейді сарапшылар.

«Әр 100 грамм ақбөкеннің құны шамамен 100 доллар болуы керек. Шетелде бұған сұраныс жоғары. Өйткені бұл өте пайдалы. Ерекшелігі неде? Ақбөкендер, зерттеу бойынша өсімдіктерді таңдап жейді, пайдалы өсімдіктің әрбір 50-ші түрін, жылқылар – әрбір сегізінші түрін таңдайды. Яғни, бұл оларға мамонт дәуірінен аман қалуға мүмкіндік берді. Егер біз оларды тереңірек зерттейтін болсақ, онда бізде бір емес, бірнеше Нобель сыйлығының лауреаттары болады. Бұл мүлдем зерттелмеген, жабайы жануарлар арасында ең аз зерттелген объект», — деді биология ғылымдарының докторы Мұрат Нұрышев.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz