Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Мемлекеттік қызметкерлер ойынханаларға жарты миллиард теңге жұмсаған

Мемлекеттік қызметкерлер құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсаған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Әбиров.

21.10.2022
Қоғам

ІІМ — 97 млн;
ҚР Қорғаныс министрлігі — 95 млн;
ҚР Қаржы министрлігі — 25 млн;
ҚР Жоғарғы Соты — 7 млн;
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі — 15 млн;
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі-3 млн;
Жергілікті атқарушы органдар — 36 млн;
Басқа мемлекеттік органдар — 27 млн.

Сондай-ақ, ведомствода казиноға ресми кірістен бірнеше есе көп ақша жұмсаған жекелеген мемлекеттік қызметкерлер туралы айтылды.

Мәселен, жылдық табысы 10 млн теңгеден аспайтын Астана әкімдігінің қызметкері Е. С. Абдуалтиев «BeIIagio» казиносына 54 рет барып, 53 млн теңге жұмсаған. Жылдық табысы 7,9 млн теңгеден аспайтын Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасының қызметкері Е. А. Назаров «Торнадо 777» ойын автоматтары залына екі рет барып, 3,2 млн теңге жұмсаған. Жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің қызметкері А. Өмірбекұлы «Astoria» және «Макао» казиноларына 25 рет барып, 33 млн теңге жұмсаған.
Жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын қаржы мониторингі Агенттігінің қызметкері Қ. А. Өтеген «Astoria» казиносына 3 рет барып, 25 млн теңге жұмсаған.

Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлерінің де құмар ойындарына барғаны анықталды. Жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын Д. А. Қазақбеков «Bombay» казиносына 76 рет барып, 15 млн теңге жұмсаған. Жылдық табысы 1,5 млн теңгені құрайтын әріптесі А. Б. Бақытов «Astoria» казиносына 13 рет барып, 23 млн теңге жұмсаған.

Сондай-ақ, әскери қызметкерлер құмар ойындар ойнаған. Атап айтқанда, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі, жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын З.Г. Телепов «Bombay» казиносына 34 рет барып, 12 млн теңге жұмсаған.

Прокуратура тіпті мемлекеттік билік өкілінің де құмар ойындарға қатысу фактісі анықталғанын, оған қатысты мемлекеттік биліктің беделін нығайту жөніндегі арнайы бланкеттік нормалар, Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің, Қарулы күштер мен әскери полиция органдарының беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеу жөніндегі шектеулер қолданылатынын айтты.
Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің қызметкері, жылдық табысы 6,6 млн теңгеден аспайтын Е. Н. Ахаев «Astoria» казиносына 39 рет барып, 12,2 млн теңге жұмсаған.

Жоғарыда аталғандардан басқа, ойыншы болып табылмайтын Қонаев қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті М.Б Тоғызбаевтың «Каспий Банк» АҚ банк картасына жалпы сомасы 1,2 млн.теңге ақшаны аудару арқылы қабылдаудың 10 фактісін тіркеді.

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz