Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді.

04.04.2023
Қоғам

Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров айтты.

«Мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды пайдалану үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырды. Аталған міндетті іске асыру үшін ірі коммерциялық кәсіпорындарға сараланған тарифтерді енгізу, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады. Бұл өз кезегінде газды үнемді пайдалануға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік әділ құнын белгілеуге ықпал етеді», — деді Ә.Қуантыров.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жан-жақты жаңғырту бойынша нақты міндеттерді қойған болатын. Соның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін беру қажет екенін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Президенттің тапсырмаларын іске асыру мақсатында 8 бағыт бойынша 32 шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары Президент Әкімшілігінде келісуден өтіп жатыр.

Тегтер: бағагазҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz