Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді жұмыста әріптестеріңізбен отырыс жасасаңыз айыппұл салынады

Қандай жағдайда? Егер үстелде алкоголь болса, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
19.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: dzen.ru

Фото: dzen.ru

Ішкі істер министрлігі әріптестерімен жұмыс орнында туған күнін немесе қызмет бойынша жоғарылатуды атап өткенде дастарханға алкоголь қойса, қазақстандықтар айыппұл төлейді немесе әкімшілік қамауға алынатынын мәлімдеді.

Қазақстанда алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас болу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Ал қазақстандықтар жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың көбі – қоғамдық орындар.

ІІМ берген ақпаратқа сәйкес, қоғамдық орындарға білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, кітапханалар мен мұражайлар, мемлекеттік органдардың мекемелері жатады.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына сәйкес, “алкогольдік ішімдікті сатуға рұқсат етілген сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа жерлерде: көшеде және басқа да қоғамдық орындарда ішсе немесе мас болса, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады” (2024 жылы 18 460 теңге).

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2024 жылы 36 920 теңге) немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

“Осы бап бойынша әкімшілік іс қозғау үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші талап етілмейді”, – деп нақтылады ІІМ.Полиция қызметкерлері қоғамдық жерде алкогольдік ішімдіктер ішкен және мас болған адамға қатысты хаттама толтыра алады.

Тегтер: айыппұлалкогольдік ішімдік ішуәкімшілік құқық бұзу

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz