Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Елімізде газ бағасы өседі

Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Оған сәйкес тауарлық газдың шекті көтерме бағасы орта есеппен 15%-ға өседі.

30.04.2023
Қоғам

«Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы халық үшін 22,06 теңге/м3 құрайды. Тауарлық газға шекті көтерме баға 15%-ға өскен кезде тұрғындар үшін бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды», — деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

Ведомство түсіндіргендей, тауарлық газдың шекті көтерме бағасының өсуі газды жеткізудің өзіндік құнының өсуіне, сондай-ақ тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд м3-тен 2022 жылы 27,8 млрд м3-ке дейін төмендеуіне, ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд м3-тен 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд м3-ке дейін өсуіне байланысты.

Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі.

Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасі бекітіледі. Заңнамаға сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-дан аспайды.

Құжат 15 мамырға дейін бекітіледі.

Тегтер: газҚазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz