Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Елімізде электронды темекі шегетін балалар саны 3 есе өскен

Мұндай деректер Денсаулық сақтау министрлігі ашық талқыға шығарған арнайы тұжырымдамада көрсетілген, деп хабарлайды Alataunews.kz.

18.10.2022
Қоғам

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуі бойынша 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекі шегушілер саны төрт жыл ішінде 3 есе өскен.

«Қазақстанда электронды темекі бұйымдарын бақылаусыз сатуға байланысты оны қолдану қарқыны жоғары. Ол барлық жерде жастарға қолжетімді бағада сатылады. Әрбір азық-түлік дүкенінде сатылатын вейптердің бағасы 2000 теңгеден аспайды. Ол жастар үшін қолжетімді. Вейпті 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынады. Алайда, кодекстің қолданыстағы нормасы темекі өнімдеріне тыйым салу және темекі өнімдерін ашық көрсету бөлігінде орындалмайды және оны кәсіпкерлер елемейді. ДДҰ-ның Қазақстандағы зерттеуіне сенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жылда 3 есе өсті. Атап айтқанда, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы оларды қолданып көргенін мойындады», — делінген тұжырымдамада.

Министрлік жасөспірімдер мен балаларға электронды темекі сату мен тұтыну және вейп айналымына шектеу қоятын норманы жетілдіруді ұсынды.

Тегтер: ДСМоқушы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz