Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Биыл талапкерлерге 88 мың грант бөлінді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді.

22.05.2023
Қоғам

Қазақстан бойынша жалпы ҰБТ-ға қатысуға 166 мың талапкер өтініш білдірді. Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары орындалатын болады. Яғни гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бағытталған. Сонымен қатар тығыз орналасқан жаңа құрылғылар және Батыс аймақтағы жастар үшін арнайы гранттар бөлінген.

«2023 жылы өңірлік жоғары оқу орындарына бөлінетін педагогикалық квоталар саны артты. Яғни 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді. «Серпін» бағдарламасына қатысты биыл екі өзгеріс енді. Аталған бағдарламаның өтеу мерзімі қысқарды. Бұған дейін ол 3 жыл болса, қазір 2 жылдық мерзімді құрайды», — деді Қуаныш Асылханұлы.

Сонымен қатар вице-министр биыл жалпы білім беруге 88 мың грант бөлінгені жайлы айтты.

«73 мың грант бакалавриатқа, 13 мың грант магистратураға, 1890 грант докторантураға бөлінді. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндерінде өзгеріс жоқ. Яғни 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін ұсыну 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындарына қабылдау әдеттегідей 25 тамызға дейін жүзеге асырылады», — деді ол.

Грантқа қатысу үшін қазір басталған мамыр-маусым аралығындағы ҰБТ-ның нәтижесі қабылданады.

Тегтер: грантҚазақстанталапкер

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының диқандары егін орағына кірісті

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағытқа айналды

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz