Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының нөмірлері жарияланды

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының телефон нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

11.10.2022
Қоғам

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменті бірінші басшыларының ұялы және жұмыс телефондары нөмірлерін жариялады. Сонымен қатар департамент басшыларының әлеуметтік желілердегі аккаунттары және орынбасарларының телефон нөмірлері де көпшілік назарына ұсынылды.

«Қазақстандықтар білім саласындағы кез келген мәселе бойынша аумақтық департамент басшыларына тікелей хабарлай алады. Мысалы, мұғалімдердің міндетіне жатпайтын жұмысқа тартылуы, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйесі элементтерінің (бейнебақылау камералары, дабыл түймелері) жоқтығы немесе дұрыс жұмыс істемеуі туралы және т.б. азаматтар жауапты қызметкерлерге хабарласу арқылы кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпарат алады», — деп жазды министрлік.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен аумақтық департаменттердің басшыларына өңірлерден түскен өтініштер, шағымдар мен ұсыныстарды жедел қарауды тапсырған болатын.

Тегтер: нөмірОқу-ағарту министрлігітелефон

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz