Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

Қазақстанда коронавирустың "омикрон" штамы, жұқпалы респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ), энтеровирусты инфекция, аденовирус, риновирус және менингококк инфекциясының түрлері тіркеліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

26.09.2023
Қоғам

«Біз ай сайын қоршаған ортадағы коронавирус инфекциясын генетикалық түрде зерттейміз. Осы айда коронавирустың қандай да бір жаңа штамын анықтаған жоқпыз. Қазір осы айдың зерттеуі аяқталуға жақын, егер штамның жаңа түрі пайда болса, сіздерге қосымша ақпарат беремін. Қазір коронавирустың «омикрон» штамынан бөлек, энтеровирусты инфекцияның, аденовирустың, риновирустың және менингококк инфекциясының алуан түрі жүріп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, жаңа инфекция пайда болды деп айта алмаймыз», – деді А. Ғиният Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оған қоса, Денсаулық сақтау министрі қазір ЖРВИ өршіп тұрғанын, бүкіл елде тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталғанын жеткізді.

Сондай-ақ ведомство басшысы иммун тапшылығы бар қарт адамдарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуға кеңес берді.

Бұған дейін Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндап, «коронавирусқа қатысты шектеулер қайта енгізіле ме?» деген сұраққа жауап берген еді.

Қазақстанда карантин енгізіле ме? – Ғиният жауап берді

Тегтер: екпе

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz