Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі, арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

26.10.2022
Қоғам

Орталық директоры Әйгерім Кудеринова Алматы қаласындағы «Қабылдау үйінде» 27-28 қазан күндері «мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу процесіне енгізу: тарихы, мәселелері және даму болашағы» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін айтты.

Оның негізгі мақсаты — арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылау. Қазіргі уақытта елімізде 460 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Конференция жұмысына Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, білім басқармалары мен білім бөлімдерінің мамандары, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен мамандары, ҮЕҰ өкілдері, ЖОО оқытушылары және педагогтар қатысады. «Е-Ymdau» ымдау тілі бойынша бейне сөздік — білім беру жүйесінде негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының оқу материалын игеру процесінде ымдау тілін пайдаланатын сурдоаудармашыларға, мектеп, ЖОО оқытушыларына және күнделікті өмірде ымдау тілін пайдаланатын естімейтін азаматтарға арналған толықтырылатын интерактивті деректер базасы таныстырылады.

Брифинг барысында диагностика — кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты Әлия Ерсарина психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің, арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтарына арналған «Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту» бағдарламасы жайында айтты.

«Бұл бағдарламаны ата-аналарды аутизмі бар баланы дамыту жұмысына тарту мақсатында қолдануға болады. «Бұрын мұндай бағдарламалар болмағанын айта кетейін. Бұл бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі мен өзектілігі елімізде аутизммен ауыратын балалар санының жыл сайын көбеюімен байланысты. 2021 жылдың соңғы деректері бойынша аутизм белгілері 8 796 баладан анықталды», — деді Әлия Ерсарина.

Сонымен бірге конференцияда «Онтогенез барысында ана тілі жүйесінің қалыптасуы» атты монография таныстырылады. Бұл туралы орталықтың аға ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова айтты.

Оның айтуынша, монографияда сөйлеу тілі — онтогенезінің лингвистикалық және психологиялық негіздері, нақты айтатын болсақ ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ана тілін меңгерудің теориялық мәселелері, бала тілінің даму кезеңдері, ана тілінің фонетикалық жүйесінің онтогенез барысында қалыптасуы, яғни баланың дыбыс айтуының пайда болуы, фонематикалық естуінің дамуы, сөздің буындық құрамын меңгеруі, ерте жастағы балалардың сөздік қорының қалыптасуы, мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қорының дамуы және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын меңгерудің кейбір аспектілері айқындалды.

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz