Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысында жемқорлықты хабарлаған тұрғын 12 млн теңге сыйақы алды

Атырау облысында жемқорлықты әшкерелеген тұрғын 12 млн теңге сыйақы алды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

20.01.2023
Қоғам

Ол Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының жемқорлығын әшкерелеген. Бұл ақша параның жалпы сомасының 10% құрайды.

Өткен жылы жылы жемқорлықты ашуға көмектескен 134 азаматқа барлығы 40,6 миллион теңгеге сыйақы берілген. Ең үлкен сыйақы Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.

Сыйақы жемқорлықпен ұсталған адамға сот үкімі шыққан соң беріледі. Айта кетейік, жемқорлықты ашқан адамның аты-жөні құпия болып қалады.

«Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады», — деп хабарлайды ведомство.

Өткен жылы антикор Call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 233 хабарлама түсті.

37 хабарлама бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 18 сотқа жолданды.

Агенттікке түсетін өтініштердің көпшілігі: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап ету, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, «қамқорлық» көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері туралы түседі.

Тегтер: Атырау облысыжемқорлықсыйақы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz