Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«АртСпорт»: Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманына 12 миллион теңге айыппұл салынды

"АртСпорт" мемлекеттік бағдарламасы бойынша мониторинг барысында мемлекеттік тапсырысты бөлудің жабықтығы, жалған құжаттарды ұсыну, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау, ақпараттық платформаның жетілмегендігі анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.02.2023
Қоғам

«Бұған дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманын айыптау дәлел. Жеткізушінің өтініміне оң қарағаны үшін пара алған бас маманға 12 млн. теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ облыстың әртүрлі аудандарында жеткізушілердің бір мезгілде қызмет көрсету фактісі анықталды», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетов.

Мысалы, Алматы облысында «Айсұлу» ЖШС жаттықтырушысы құжаттарға сәйкес көркем гимнастикадан сабақты Ұзынағаш ауылында (Жамбыл облысы) және Есік қаласында (Талғар ауданы) өткізген. Алайда олардың арақашықтығы 100 шақырымнан астам. Бұл қызметтердің іс жүзінде орындалғанына күмән келтіреді.

Сонымен бірге, Алматы облысының Көші-қон полиция басқармасының мәліметі бойынша «АртСпорт» платформасында деректері жоқ немесе ата-анасының деректеріне сәйкес келмейтін 552 жеке сәйкестендіру нөмірі тіркелген. Салдарынан 13 млн. теңгеден астам залал анықталды.

Департаменттің ұсынымы негізінде дене шынықтыру және спорт басқармасымен аталған залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Тегтер: Artsportайыппұлантикорқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz