Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы курсанттың өліміне қатысты тың мәлімет шықты (фото)

Алматыдағы ҰҚК академиясының жатақханасында өзіне қол жұмсаған курсанттың соңғы хаты жарияланды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жазды, деп хабарлады alataunews.kz.

01.05.2023
Қоғам

Хатта жазылғандай, жас жігіт құмар ойынға тәуелді болған. Марқұм өзіне қол жұмсаған күні жаңадан алған несиесінің төлем уақыты келгенін жазған.

«Ата-анам арманымның бәрін орындап, қалағанымның бәрін істеді. Жұрттан қалмасын деп күндіз-түні мен үшін еңбек етті. Ал мен мұның бәрін осылай өтедім», – делінген хатта.

Курсанттың артына қалдырған соңғы хатында ата-анасынан кешірім сұрап, олардың көз жасына себепкер болғанына өкінетінін жазды. Сонымен бірге ол егер жұмақ пен тозақ бар болса, басқа күнәһарлармен тозақ отына күйетінін жеткізген. Хат соңында жігіт өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған.

30 сәуірде Алматыдағы ҰҚК академиясының курсанты өлі табылды. Қайғылы оқиға Академия жатақханасында болған. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, курсант өзіне қол жұмсаған. Полиция курсанттың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алматыда ҚР ҰҚК академиясының курсанты суицид жасады

Тегтер: алматысуицидҰҚК

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz