Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматыда өрттен кейін далада қалған тұрғындар наразылық білдірді

Алматыда өрттен кейін далада қалған көпқабатты үйдің тұрғындары наразылық білдірді, деп хабарлады КТК арнасы.

04.08.2023
Қоғам
фото: sputnik.kz

фото: sputnik.kz

Олар әкімдіктің мектепте ұйымдастырған уақытша орталығына жатқысы келмейді. Ал қонақүй немесе аяқасты пәтер жалдау құны тым қымбат. Жергілікті билік ұсынған қаржы оның біріне де жетпейді деп назын айтты тұрғындар.

«Ресми жалға берілетін пәтер аз. Бүгін ондай болмасын деп талап қойдық. Сабақ басталайын деп жатыр. Бәрі оны біледі. Содан кейін бағаны да қымбат жоғары сұрап отыр. Екі-үш айға ешкім бергісі келмейді», — дейді Мирас Игібаев.

Қызыл жалынның құрсауында қалған 16 қабатты үйде 96 отбасы тұрған. Жартысынан көбі мемлекеттік бағдарламамен жалға алынған баспана.

Оқиға орнына келген аудан әкімі жаңа ұсыныс жасады: пәтерді әр отбасы өзі табуға тиіс. Тек бір бөлмелі баспана – 200 мың, екі бөлмелі – 300 мың, үш бөлмелі пәтер – 400 мың теңгеден аспауы қажет. Бәрі ресми болуы шарт.

Яғни әр тұрғын өзі жалдап тұратын үй иесімен жасасқан келісім құжаты мен баспананың мекенжайын көрсетуі керек. Көмек екі айға қарастырылған. Өйткені өрт шыққан үйдегі қайта қалпына келтіру жұмысын сол аралықта аяқтайды. Бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін электр желісі түгел ауыстырылып, пәтерлер тазартылады. Тұрғындар өз үйіне қыркүйектің соңына қарай орала алады. Оған дейін дүние-мүліктің сақтығы да бақылауда болады деп отыр аудан әкімі.

Тегтер: алматынаразылықхалық

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz