Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматыда «Аrtsport» бойынша бюджет қаражатын жымқырғандар анықталды

Алматы қаласының прокуратурасы «Аrtsport» бағдарламасы арқылы балалардың спорттық және шығармашылық тапсырыстарын қаржыландыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

14.09.2022
Қоғам

Ресми мәліметке сүйенсек, Алматыда 2021 жылдың мамырынан бастап бұл бағдарламаға 12,8 млрд теңге бөлінді.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған, үйірмеге тіркелген жерден алыс аймақта тұратын 2 мыңнан астам балаға қаржы бөлініп отырғаны анықталды. Жоқ балаларға өткізілген сабақтардың саны 5 мыңнан асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-не сәйкес іс қозғалды.

Аталған бағдарлама бойынша іс жүзінде тек 935 бала үйірмелерге қатысады.

Бұдан бөлек, бұрын сотталған және түрлі қылмыстар үшін жауапқа тартылған 13 адамның жаттықтырушы болғаны анықталды. Осы жайт бойынша қала прокуратурасы алаяқтық фактісіне сүйене отырып, қылмыстық іс қозғады.

Бірқатар материалдар процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына берілді.

Бұдан басқа, «Аrtsport» платформасының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Бағдарлама платформасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілмеген және балалардың дербес деректері қорғалмаған.

Тегтер: заңсыз әрекетқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Диана Ахметова
24.08.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Диана Ахметова
24.08.2026

Құрылтай сайлауы: СОЦИС-А экзитпол нәтижелерін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz