Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысының ауыл мұғалімі АҚШ-тың үздік жоғары оқу орнына түсті

Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің математика пәнінен мұғалімі Маржан Ержан «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың докторантурасында оқитын болады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

09.09.2022
Қоғам

«Болашақ» стипендиаты Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді.

«Ата-анамның жолын қуып, ұстаз болсам деген арман пайда болды. Ауыл мектебінде математикадан сабақ беремін, көпбалалы отбасыдан балаларға ағылшын тілін тегін үйретемін. Өзім де ауыл мектебін бітірдім. Шетелде оқуға мүмкіндігім болады деп ойламаппын. «Болашақ» бағдарламасының арқасында отандастарымыз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында академиялық білім алып, ғылыми дәреже алуға мүмкіндік алды. АҚШ-тың докторантурасын бітіргеннен кейін еліміздің білім саласын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді», – деп атап өтті Маржан Ержан.

Айта кету керек, «Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылып келе жатқан 29 жыл ішінде білім саласы үшін 1058 маман шетелде даярланды.

Қазіргі таңда олар бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

Тегтер: ЖОО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz