Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

4 пайыздық автонесие бағдарламасы жұмысын тоқтатады

Елімізде 4 пайыздық автонесие бағдарламасы жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

20.06.2023
Қоғам

Ведомство басшысы бағдарламаның неге тоқталатынын түсіндірді.

«Оператор» РОП деген компания болды. Одан 100 млрд теңге алынып, «Өнәркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға бөлінді. Нәтижесінде 4 пайыздық автонесие бағдарламасы істеп тұрды. Сол ақша толық (бағдарламаға) жұмсалды. Бұл қаржы болмаса, аталған бағдарлама болмайды. Бұдан басқа, бұрын бөлінген ақша бар. Ол 4 қаржы көзінен 4 бағыт бойынша яғни, 82 млрд теңге револьверлік әдіспен бөлінді. Бұл өз алдына істеп тұрды. Осы қаржы толық қамти алмайды. Себебі, соңғы бөлінген 100 млрд теңге барлық бағытты қамтыды. Қазір 4 пайыздық автонесиені емес, (бағдарламаның бағытын – автор) қоғамдық көлікке ауыстырамыз ба деп ойлап отырмыз. Бар қаржыны мүмкіндігінше тиімді пайдалану керек, — деді министр Ақордада.

Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтауы жеңіл көліктің құнына әсер етпейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, енді барлық қаржы тозған автобустарды жаңартуға жұмсалады.

«Біз бағдарламаның бағытын өзгертіп, автобус алуға кредит береміз. Қазақстанда жалпы 10 525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Мысалы, Қостанайда қоғамдық көліктің 90%-дан астамы тозған, ал Орал мен Талдықорғандағы көрсеткіш – 70%. Күн сайын 9 млн 300 мың отандасымыз қоғамдық көлікті пайдаланады», — деді ол.

Ол енді қазақстандықтар көлікті нарықтық ставкамен алатынын атап өтті.

«(Отандық) көлік өндірушілер өздерінің немесе банктің бағдарламасы болатын шығар. 4% автонесие бағдарламасының ақшасын толық қоғамдық көлік (автобус) сатып алуға бағыттаймыз», — деп сөзін түйіндеді  Марат Қарабаев.

Тегтер: көлікҚазақстанМарат Қарабаевнесие

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz