Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ҚазМұнайГазға» жарты миллиард теңге айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-қа монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жарты миллиард теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2024
Жаңалықтар, Қоғам

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа қатысты 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша, акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану деректері анықталған.

«Осылайша, акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады», — делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғаған.

«Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 миллион теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді», — делінген хабарламада.
Тегтер: айыппұл

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz