Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ақылы трассаларда жылдамдықты бақылауды күшейтті

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жылдамдықты асырған көліктердің деректерін енді тікелей Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жолдай бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2025
Жаңалықтар

Бұл өзгерістен кейін трассалардағы барлық жылдамдық бұзушылықтар ресми түрде тіркеліп, айыппұл автоматты түрде салынады.

Компанияның мәліметінше, жолдарда орнатылған арка түріндегі автоматты бақылау жүйелері көлік қозғалысының нақты жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен салыстырады. Егер жүргізуші рұқсат етілген жылдамдықтан асса, ақпарат бірден орталық базаға жіберіліп, әкімшілік іс қозғалады.

Жылдамдықты бақылау камералары орнатылған учаскелер:

? «Көкшетау – Петропавл» автожолы

  • 354 км — «Драгомировка» бақылау аркасы

  • 443,8 км — «Астраханка» бақылау аркасы

  • 473,1 км — «Бескөл» бақылау аркасы

? «Алматы – Қорғас» автожолы

  • 38,2 км — «Балтабай» бақылау аркасы

  • 204,6 км — «Ұйғыр» бақылау аркасы

  • 205,4 км — «Панфилов» бақылау аркасы

«Жүйе көліктің нақты жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады. Жылдамдықты асырған жағдайлар ӘІБТ ПО жүйесіне жолданып, сол жерде әкімшілік материалдар дайындалады», — делінген компания хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық шектеуін қатаң сақтауға кеңес береді. Бұл – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және айыппұлдан құтылудың ең тиімді жолы.

Тегтер: ақылы жолжаңалық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz