Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды – Тоқаев

Биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтап, жан басына шаққандағы көрсеткіш 19 мың доллардан асады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Президенттің айтуынша, Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасының көлемі бойынша әлемде 47-орынға көтеріледі. Бұл көрсеткіш халық саны Қазақстаннан әлдеқайда көп бірқатар елдің деңгейінен жоғары.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің де қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта бұл саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%-дан асқан. Президент мұны ұлттық экономиканы әртараптандыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі деп бағалады.

Сонымен қатар Қазақстанның алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі 130 миллиард доллардан асты.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы экономикалық әлеуетті инфрақұрылымды жаңғыртуға және еліміздің барлық өңірін дамытуға бағыттау қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Үкіметке бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлеу тапсырылды. Жоспар аясында ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымның аса қажетті нысандары салынады.

Президенттің мәлімдеуінше, бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Ал биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосуға 1,5 триллион теңге қарастыру қажет.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz