Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның Қорғаныс министрі тағайындалды

Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Қосанов Дәурен Жұматайұлы – 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Мансап

Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;

Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;

Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;

2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы

2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.

Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).

Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.

Марапаттары: I және II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар.

Бұған дейін, 2022 жылғы 19 қаңтардан 2025 жылғы 8 маусымға дейін Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметін Руслан Жақсылықов атқарған.

Тегтер: Қазақстантағайындау

Соңғы жаңалықтар

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
03.09.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
03.09.2026

Ата Заң және қоғам дамуы

Акжаркын
03.09.2026

Алматы облысында жертөлеге құлап кеткен 69 жастағы ер адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Қазақстанның Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz