Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның екі қаласында интернет алаяқтар тобы ұсталды

Нұр-Сұлтан мен Петропавлда жеті адамнан тұратын алаяқтар тобы ұсталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

03.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алаяқтарды СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасымен және Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп ұстаған.

Топтың әрқайсының атқаратын өз рөлі болған. Бірі алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау беріп отырса, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды тауып отырған. Бұрын сотталған, жетім балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана сенгіш адамдар алаяқтардың жемтігіне айналған. Олар ешқандай зиян болмайды деп сендірген.

Бұдан бөлек, төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша елдің басқа қалаларындағы топтың өзге қатысушыларына банкоматтардағы ақшалай қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін беріліп отырған.

Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қаларындағы уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған.

Бүгінгі таңда интернет-алаяқтыққа қатысты 64-тен астам оқиға анықталды. Алдын ала есептелген шығын көлемі шамамен 200 млн теңгені құрайды.

«Егер сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуды сұраймыз. Есіңізде болсын, төлем картасын ресімдеп, оны белгілі бір сомаға бейтаныс адамдарға тапсырсаңыз, сіз қылмысқа қатысушы болып таныласыз», — деп ескертеді полицейлер.

Тегтер: интернетҚазақстанқоғам

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz