Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның астық және ұн экспорты 34%-ға артты

Қазақстанның жаңа өнімге арналған астық және ұн экспорты айтарлықтай өсім көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2025
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 жылдардағы қыркүйек-шілде аралығында экспорт көлемі 12,4 млн тоннаға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 34%-ға артты (2023/2024 ж. — 9,3 млн тонна). Бұл — «ҚТЖ» компаниясының деректері бойынша есептелген астық эквивалентіндегі көрсеткіш.

Экспорт көлемінің артуы негізгі серіктес елдерге жеткізілімдердің ұлғаюымен байланысты:

  • Өзбекстанға – 28,2% өсім (4,3 млн тонна),

  • Тәжікстанға – 39,2% (1,4 млн тонна),

  • Қырғызстанға – 2,5 есе (398 мың тонна),

  • Иранға – 17,3 есе (974 мың тонна),

  • Әзербайжанға – 120 есе (723 мың тонна).

Маусымның басты жетістіктерінің бірі – экспорт географиясының кеңеюі. Қазақстан алғаш рет астықты Еуропаның бірнеше жаңа еліне — Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға жөнелтті. Сонымен қатар, БАӘ, Вьетнам және Солтүстік Африка елдері де қазақстандық өнімге қызығушылық танытып отыр.

Ұлттық астық операторы – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ желісі бойынша:

  • Мароккоға – 60 мың тонна,

  • Вьетнамға – 15 мың тонна бидай экспортталды.

Соңғы бес жылда тоқтап қалған бағыттар — Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдер қайта жанданды. Италияға қатты бидай экспорты да едәуір ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорт көлемінің өсуі — қазақстандық астықтың әлемдік нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігінің, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және логистиканы жаңғырту бойынша мемлекеттік шаралардың тиімділігінің дәлелі екенін атап өтті.

Тегтер: астықминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz