Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының оқу және демалыс мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Оқушылар дәстүрлі түрде күзгі, қысқы және көктемгі каникулға шығады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін ақпан айында қосымша бір апталық демалыс қарастырылған.

Жаңа оқу жылында бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында, яғни жеті күнге жалғасады.

Екінші тоқсан да сегіз аптаға жоспарланған. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасып, барлығы 14 күнді құрайды.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында өтеді.

Үшінші тоқсан он оқу аптасына созылады. Көктемгі каникул 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында жеті күнге беріледі.

Төртінші тоқсан сегіз аптаға созылып, оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Тегтер: мектепминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz