Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық каратэшілер Каирдегі Премьер-лигада 4 медаль жеңіп алды

Бүгін Мысыр астанасы Каирде WKF каратэден 1-Premier League-ның биылғы алғашқы бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

30.01.2023
Жаңалықтар

Мұнда әлем рейтингінде әр салмақтың үздік 30 спортшы ғана бақ сынады. Барлығы 61 елден 434 татами шебері жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі бар. Екі күнге созылған турнирде Ұлттық құрама спортшылары Каирде 4 жүлдеге қол жеткізді.

Кумите бағдарламасында 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай финалда жарыс қожайыны, мысырлық Мұхамед Габерді 3-1 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осыған дейін Премьер-лиганың 2 дүркін жеңімпазы атанған Қайсар кеше жартылай финалда әзірбайжандық Аминага Гулиевті 6-2 есебімен жеңген.

Ал әйелдер арасындағы кумитенің +68 кг салмағында бас жүлдені Токио Олимпиадасының 2 қатысушысы отандасымыз Софья Берульцева мен жапон Аюми Уэкуса сарапқа салды. Тартысты өткен жекпе-жекетің соңында Аюми жеңісті жұлып әкетті. Есеп: 7-1.

Айта кетейік, кеше Софья жартылай финалда әлем чемпионы испандық Мария Торресті 6-1 есебімен тізе бүктірген еді.

Сондай-ақ бұл додада Дидар Әмірәлі (-67 кг) мен Бейбарыс Жаңбыр (-75 кг) қола жүлдеге ие болды.

Тегтер: КаиркаратэҚазақстанМысыр

Соңғы жаңалықтар

Демографиялық өсім: Алматы облысында халық саны көбейді

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Сәуірде ауа райы тұрақсыз болады — синоптиктер

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Қонаевта жағажайлар жаңарып, қауіпсіздік күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Алматы облысында құтыру бойынша жағдай қандай: дәрігерлер мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz