Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ТЖМ техникалық базасы жаңартылады

2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" сессиясында, президент еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекет басшысы ТЖМ-де қандай өзгерістер болатынын айтты.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын жаңартамыз. Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының санын көбейтеміз. Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысады.», — деді мемлекет басшысы.

Осы орайда қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауапты екендігімізді, мұны естен шығармау керек екендігімізді айтты.

«Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Мұндай шаралар су тасқыны болған аймақтарда да ұйымдастырылады. Ескертемін, бұл – ешқандай да бір реттік іс-шара емес. Барлық өңірде аумақтарды көгалдандыруға және тазалауға көп көңіл бөлу керек», — Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әркім ортақ іске үлес қосатын болса, еліміз көркейе түседі.

«Біз қалалар мен ауылдарды абаттандыруымыз қажет. Әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдердің де, жұртшылықтың да назарынан тыс қалмауға тиіс. Саламатты әрі жайлы орта қалыптастырамыз десек, азаматтар барынша белсенділік танытуы керек. Қоғам мүлкіне залал келтіретін адамдарды заңмен жауапқа тартамыз.»,- деп толықтырды президент.

Ол әкімдер Үкіметтің көмегімен жергілікті маңызы бар жолдарды абаттандыруды қолға алуы тиіс екенін атап өтті.

«Бұл жұмыстар әкімдердің қызметін бағалайтын негізгі индикаторлар тізіміне енгізіледі», — Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тегтер: ҚР ТЖМ

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz