Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы бір жылда 11 пайыздан астам қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елімізде тұрғын үй бағасы өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2025
Жаңалықтар

2025 жылдың тамыз айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға, ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 8,8 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 8,5 пайызға артқан.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлердің бағасы ең көп Павлодар қаласында 25,8 пайызға, Қызылорда мен Алматы қалаларында 15,3 пайызға, Шымкент қаласында 14,8 пайызға қымбаттаған.

Қолданыстағы тұрғын үйлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе қаласында (20,2%), Павлодарда (17,8%) және Алматыда (16,6%) тіркелді. Ал жалға алу құны Ақтөбеде 43,5 пайызға, Көкшетауда 21 пайызға, Жезқазғанда 20,2 пайызға артқан.

Ағымдағы жылдың тамыз айын шілде айымен салыстырғанда да өсім байқалады. Жаңа тұрғын үйлердің құны 1,9 пайызға, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату 1,2 пайызға, жалға алу төлемі 1,7 пайызға өскен.

Тұрғын үйге деген сұраныстың да жоғары екені анық. Биылғы тамызда елімізде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле тіркелген. Оның ішінде 8 527-сі жеке үйлерге, 32 853-і көпқабатты үйлердегі пәтерлерге тиесілі.

Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда (39 742 мәміле) 4,1 пайызға артық. Мәмілелер саны бойынша көш басында – Астана қаласы (9 457 мәміле немесе 22,9%), Алматы қаласы (8 402 немесе 20,3%) және Қарағанды облысы (2 923 немесе 7,1%). Ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – небәрі 283 мәміле (0,7%).

Тегтер: бағақазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz