Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тозған теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өтеді — министр

Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде тозған 59 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.02.2024
Жаңалықтар

«Бүгінде (күрделі жөндеуден өтуге тиіс) 59 темір жол вокзалын айқындадық. Оның төртеуі ғана яғни Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Павлодардағы темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қалғандарына мүлдем қаржы да бөлінбеген, жағдайы да төмен», — деді министр Сенаттың жалпы отырысында.

Марат Қарабаев мәселе әкімдіктермен бірлесіп шешілетінін жеткізді.

«Қазіргі таңда 59 темір жол вокзалын айқындадық. Жылдың соңында біз «бюджеттен (қаржы бөлу жағын) қарастырамыз ба?» деп отырмыз. Себебі, «Қазақстан темір жолы» АҚ өз қаржысын вагон, локоматив сатып алуға жұмсауда. Мұнда (темір жол вокзалының) ғимаратын (жөндеуді) республикалық бюджеттен, ал (темір жол вокзалының) ауласын (жөндеуді) жергілікті бюджеттен қаржыландырамыз деп әкімдіктермен келісіп жатырмыз. Алайда жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдер дайындауда. Темір жол вокзалдарын жаңарту қызмет көрсету сапасының артуына ықпал етеді», — деді ол.

Тегтер: вокзалтеміржол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында балалардың түнгі жүрісінің алдын алу шаралары жалғасуда — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz