Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Telegram жасанды интеллект зертханасын ашады

Астанадағы Alem.Ai жасанды интеллект орталығында Telegram-ның жаңа зертханасы ашылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2025
Жаңалықтар

Бұл туралы компанияның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Павел Дуров Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.

Дуров Қазақстанда бір жыл бұрын алғашқы өңірлік кеңсе ашылғанын еске салып, оның оң нәтижелер бергенін атап өтті.

«Бүгін мен Alem.Ai ғимаратында жасанды интеллект зертханасының ашылатынын жариялағаныма қуаныштымын. Бұл Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютерлік кластерінің бірлескен жобасы болады. Зертхана Жасанды интеллект министрлігінің қолдауымен дәл осы Қазақстанда іске қосылады», – деді ол.

Компания басшысының айтуынша, соңғы бірнеше айда Telegram блокчейн мен жасанды интеллект негізінде жаңа технология әзірлеген.

«Бұл технология әлемнің бір миллиардтан астам пайдаланушысына генеративті жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдануға жол ашады», – деді Павел Дуров.

Telegram-ның Астанада зертхана ашуы Қазақстандағы цифрлық экожүйені дамытудағы маңызды қадам болып отыр. Жаңа орталық жасанды интеллект саласындағы инновацияларды қолдап қана қоймай, еліміздің халықаралық IT-хаб ретіндегі мәртебесін арттыра түспек.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда пилотсыз көліктер іске қосылады: дронмен жеткізу де енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz