Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тауарлар мен қызметтер қымбаттады

2022 жылдың қазан айында Қазақстандағы айлық инфляция 1,6%, жылдық инфляция 18,8% құрады, деп хабарлайды Alataunews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

01.11.2022
Жаңалықтар

Ақпаратқа сәйкес, қазан айында 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әрқайсысы 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде бағасы ең көп көтерілгені жуу және тазалау құралдары – 5%, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар, тұрмыстық тауарлар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары 1,7%-ға қымбаттады. Тас көмір 2,1%-ға, отын 1,7%-ға өсті.

Өткен айда ақылы қызметтерге баға деңгейі 1,7%-ға көтерілді. Қонақ үй қызметтеріне бағаның 6%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 4%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 3,3%-ға, моншаларға – 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарына – 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметі – 2,2%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы қазанда 1,4%-ға өсті. Оның ішінде қызанақ 21%-ға, қияр 14,7%-ға, жұмыртқа 6,3%-ға, балық пен теңіз өнімдері 2,3%- ға, тоқаш және ұн өнімдері 2,2%-ға, алкогольсіз сусындар 1,9%-ға, ірімшік пен сүзбе 1,8%-ға қымбаттады. Керісінше, сәбіз – 5,6%, қызылша – 5,5%, пияз – 5,1%, картоп – 3,5%, қырыққабат – 2,6%, құмшекер 2,3%-ға арзандады.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz