Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір құжат цифрлық форматқа ауыстырылды

Үкіметтің баспасөз қызметі Қазақстанда санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.01.2025
Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл жаңашылдық азаматтарға құжаттарды бірнеше ұйымға бірден ұсынуға мүмкіндік беріп, олардың уақытын және қаражатын үнемдейді. Қазіргі таңда 1,6 миллионға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.

Қағаз түріндегі құжаттар электронды форматқа ауыстырылып, азаматтарға ыңғайлы болу үшін келесі құжаттарды электронды түрде беру жоспарланып отыр:

  • Еңбекке жарамсыздық парағы
  • 075/у «Медициналық анықтама»
  • 026/у «ДКК қорытындысы»
  • 073/у «ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама»
  • 069/у «Санаторий-курорттық карта»
  • 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты»
  • 076/у «Қаруға рұқсат алу»
  • 038/у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама»

Бұл мақсатта ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық құжаттар азаматтардың келісімімен ғана «eGov mobile» қосымшасындағы «еDensaulyq» бөлімінде қолжетімді болады.

Жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе одан бас тарту электронды түрде тіркелетін болады. Егер пациент вакцинадан кейін асқынуларға шағымданса, әрекет алгоритмі өзгереді. Мұндай жағдайда дәрігер тез арада көмек көрсетіп, электронды хабарлама рәсімдеп, оны тиісті мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті.

Мұндай өзгерістер медициналық құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетіп, азаматтарға үлкен ыңғайлылық сыйлайды.

Тегтер: құжат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz