Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір мемлекеттік мереке пайда болуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.06.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Министрдің айтуынша, бұл күн балалар үшін жазғы демалыстың басталуымен, көңіл көтеру мен қызықты шараларға қатысумен тікелей байланысты.

«Дәстүрлі түрде 1 маусымда ата-аналар балаларын аттракциондар саябағына, ойын орталықтарына апарып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырады. Бұл күн – ата-аналар мен балалардың бірлесіп уақыт өткізуіне, мәдени, тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға қатысуына мүмкіндік береді», – деді Светлана Жақыпова.

Ол сондай-ақ бұл бастаманың балалардың психоэмоционалды жағдайына, отбасындағы қауіпсіздік пен жайлылық сезіміне оң әсер ететінін атап өтті.

«Жоғарыда айтылғандармен қатар, елімізде отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу орынды деп санаймыз», – деді министр.

Қазіргі таңда бұл ұсыныс қарастырылып жатыр. Егер қолдау тапса, 1 маусым Қазақстан күнтізбесіндегі жаңа мемлекеттік мереке ретінде бекітілуі мүмкін.

Тегтер: жаңа мерекеқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz