Министрдің айтуынша, бұл күн балалар үшін жазғы демалыстың басталуымен, көңіл көтеру мен қызықты шараларға қатысумен тікелей байланысты.
«Дәстүрлі түрде 1 маусымда ата-аналар балаларын аттракциондар саябағына, ойын орталықтарына апарып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырады. Бұл күн – ата-аналар мен балалардың бірлесіп уақыт өткізуіне, мәдени, тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға қатысуына мүмкіндік береді», – деді Светлана Жақыпова.
Ол сондай-ақ бұл бастаманың балалардың психоэмоционалды жағдайына, отбасындағы қауіпсіздік пен жайлылық сезіміне оң әсер ететінін атап өтті.
«Жоғарыда айтылғандармен қатар, елімізде отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу орынды деп санаймыз», – деді министр.
Қазіргі таңда бұл ұсыныс қарастырылып жатыр. Егер қолдау тапса, 1 маусым Қазақстан күнтізбесіндегі жаңа мемлекеттік мереке ретінде бекітілуі мүмкін.





