Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тәтті сусындар қымбаттауы мүмкін

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қант қосылған сусындарға акциз салығы салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, елімізде семіздікке шалдыққан балалардың саны артқан.

«Артық салмақ болашақта созылмалы аурулардың дамуына әкеледі. Мысалы, қателеспесем, 0,5 милилитр колада қанттың 10 тәуліктік дозасы бар. Демек, бала тәтті сусынды ішкеннен кейін 10 есе қажеттілік алады. Сондай-ақ қант барлық өнімнің құрамында болатыны белгілі», — деді Айжан Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары тәтті сусындарға акциз салығын енгізуді Денсаулық сақтау министрлігі емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынғанын атап өтті.

«Қант қосылған сусындарға салық салу тұтынуды азайтуға септігін тигізеді. Бұл шараға қосымша таңбалау енгізіледі, міндетті ақпараттық-түсіндіру жүргізіледі әрі баланың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру үшін ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Балаларда тамақтану әдеті 5 жасқа дейін қалыптасады», — деді вице-министр.

Айжан Есмағамбетова қосымша салықты енгізуге қант қосылған сусындарды өндіретін кәсіпорындар қарсы екенін жеткізді.

«Себебі, акциз өндірушілерге қосымша салмақ салады. Алайда біз бизнес пен халықтың денсаулығы арасындағы балансты сақтауымыз керек. Өйткені, балалар арасында (семіздікке шалдығу) сырқаттанушылық өсіп барады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс тамақтану позициясын ұстанады», — деп сөзін түйіндеді министрдің орынбасары.

Тегтер: бағаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

Акция «Таза Қазақстан» объединяет жителей Алматинской области

Николай Иващенко
18.04.2026

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz