Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Қазақстанда пара беру туралы уәде ету енді ресми түрде қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Бұл норма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген түзетулерде көзделген.

Жаңа заңға сәйкес, параны уәде ету, ұсыну және талап ету әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке жатқызылады. Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе көптеген елдерде қолданылады және жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заң нормалары 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Құжатта тұрмыстық жемқорлыққа қарсы күрес шаралары да күшейтілген. Енді ауруханалар, мектептер, жоғары оқу орындары, банктер мен коммуналдық қызмет ұйымдары қызметкерлерінің ірі көлемде заңсыз сыйақы алуы немесе оны бопсалау арқылы иеленуі үшін жауапкершілік қатаңдатылады.

Сонымен қатар, аталған ұйымдардың қызметкерлеріне заңсыз сыйақы бергені үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекске заңсыз сыйақы алуға арандатқаны үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қосылды.

Заң аясында мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетігі енгізіледі. Мұндай жағдайлардың туындауына жол бермеу жөніндегі талаптарды орындамаған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесіндегі туыстық байланыстарға қатысты талаптар күшейтіледі. Бұған дейін шектеулер тек тікелей бағыныштылық жағдайларына қатысты болса, енді жанама ықпал ету, ішкі бақылау жүргізу және кадрлық шешімдер қабылдауға қатысу жағдайларын да қамтиды.

Жаңа талаптарға сәйкес, бір мемлекеттік органда басшының жақын туыстарының, оның ішінде жиендері, жезделері, балдыздары және басқа да туыстарының бірге жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке қабылданатын азаматтар жақын туыстары туралы мәліметтерді міндетті түрде жариялауы тиіс болады.

Заңдағы тағы бір маңызды өзгеріс – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің ұзартылуы. Енді мұндай істер бойынша жауапкершілікке тарту мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғайтылды.

Сарапшылардың пікірінше, енгізілген өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтықты арттыруға, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Тегтер: жаңа заңжемқорлық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы Бесағаш ауылына жаңа су желісі салынды

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Шеңгелді қарбызына сұраныс артты: өнім еліміздің ірі қалаларына жөнелтіліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысында төрт жылдан бері жөнделіп жатқан мектептің мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Браконьерлікке тосқауыл: Балқаш аудандық соты заңсыз балық аулағандарға үкім шығарды

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы мен Алматы облыстарында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz