Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда мектеп формасы 30%-ға қымбаттады

Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

05.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 пайызға қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің (юбка) құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.

«Ең қымбаты Түркия мен Пекин болып тұр. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырғанда 25-30 пайызға өскен. Қымбат бағасы», – дейді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.

Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай, қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.

«Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталып қалды», – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылып жатыр. Өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқыланып жатыр.

Тегтер: Қазақстанқымбатшылықмектеп формасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында +40 градусқа дейін ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
13.07.2026

Интернет-алаяқтық пен қаржылық пирамидалар: қаражатыңызды қалай қорғауға болады?

Диана Ахметова
13.07.2026

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
13.07.2026

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz