Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қазақстан Үкіметі 2026 жылы медициналық, ғылыми және өндірістік мақсаттарда пайдаланылатын есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға арналған мемлекеттік квотаны бекітті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026
Жаңалықтар

Тиісті қаулыға 2026 жылғы 15 маусымда қол қойылған. Құжатта заңды тұлғалардың есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттілік көлемі айқындалған. Бұл заттарды пайдалану тек заңнамада көзделген медициналық, ғылыми-зерттеу, оқу және өндірістік мақсаттармен шектеледі.

Қаулыға сәйкес, есірткі құралдарының тізімі кеңейтілген. Бұған дейін 24 атаудан тұрған тізім енді 30 атауды қамтиды. Оның құрамына героин, кодеин, метадон, морфин, кокаин, барбитал және басқа да заттар енгізілген.

Сонымен қатар психотроптық заттардың тізімі де едәуір ұлғайған. Егер өткен жылы бұл санатта 51 атау болса, биыл олардың саны 87-ге жетті. Тізімге амфетамин, бупренорфин, диазепам, клоназепам, оксазепам, нозепам, фенобарбитал секілді медицина саласында қолданылатын препараттар енгізілген.

Ал прекурсорлар тізімінде 14 түрлі химиялық зат көрсетілген. Олардың қатарында сірке қышқылы ангидриді, ацетон, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, толуол, эфедрин және басқа да химиялық қосылыстар бар. Биыл бұл тізім жаңа затпен толықтырылып, оған тетрагидрофуран енгізілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай квоталар есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңды айналымын мемлекеттік бақылауда ұстауға, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және өнеркәсіп салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжат 2026 жылғы 15 маусымнан бастап күшіне енді.

Тегтер: дәрі-дәрмекүкімет

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz