Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Конституция күні 1 шілдеге ауысуы мүмкін

Қазақстанда Конституция күні ретінде 1 шілдені белгілеу ұсынылуы мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2026
Жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Мәтінде «егер референдумда мақұлданса, жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жарияланады» деп көрсетілген.

11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституция жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды. Осыдан кейін Президент конституциялық реформа бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді.

Анықтамаға сәйкес, референдум азаматтардың маңызды мемлекеттік және саяси мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны. Оның нәтижесінде заңдар қабылданып, Конституцияға өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Президенттің 2026 жылғы 21 қаңтардағы жарлығымен құрылған. Комиссияның негізгі міндеті елдегі саяси және құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Парламент реформасы аясында Конституцияның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу жоспарланғанын, алайда жұмыс барысында түзетулер саны артуы мүмкін екенін айтқан.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz