«Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері 350 000 тонна болып белгіленсін. Квотаның қолданылу мерзімі – 2023 жылғы 22 сәуірден 31 желтоқсанға дейін», — деп көрсетілген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында.
Еске салайық, 30 наурызда онлайн форматта өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында қатысушылар Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелу ұсынысын бірауыздан қолдаған еді.
Ал, Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, бүгінде 18 өңір шикі қантты сатып алу және қайта өңдеу үшін 18,3 млрд теңге сомасында қант зауыттарын қаржыландырды.