Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде электр самокатқа байланысты 213 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 224 адам зардап шеккен, олардың ішінде 52 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйене отырып, мынадай ақпарат ұсынды:
«213 оқиғаның ішінде 42 жағдайда апатқа самокат жүргізушілерінің өздері кінәлі болған. Қалған жағдайларда басқа көлік құралдарының қатысуымен соқтығысу фактілері тіркелді», – делінген хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, электр самокаттардың кеңінен қолданылуы жол қозғалысы қауіпсіздігіне жаңа талаптар қойып отыр. Бұл ретте жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне де, самокат мінушілерге де сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Бас прокуратура мен ІІМ тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, электр самокаттарды тек арнайы жолақтарда және рұқсат етілген аймақтарда пайдалануға кеңес береді.





