Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттаған

Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,3%, ақылы қызметтер – 0,5%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан хабарлады.

04.01.2023
Жаңалықтар

Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6%, қызанақ 14,6%, тәтті бұрыш 8,4%, пияз 7,9%, қызылша 3,8% қымбаттады.

Құмшекер 3,8%, лимон 0,9% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде желтоқсан айында техника бағасы айтарлықтай өскен.

Мәселен, 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%, планшет – 6,3%, электрлі жылытқыштар – 6,1%, ноутбук – 3,7% қымбаттады.

Ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%, кір жуғыш ұнтақтікі 4% өсті.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,5% қымбаттады. Туристердің медициналық сақтандыру қызметі 7,3%, көлік жуу қызметі 3,8% өсті.

Коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің төмендеуі орталықтан жылыту (1 гКал) мен ыстық суда (71 м3) байқалды – әрқайсысы 0,4%-дан.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелді – әрқайсысында 1,9%-дан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсысында 0,7%-дан.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары Қостанай және Жамбыл облыстарында ең көп өсті – 2,5%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар Қостанай облысында – 2,2%, ақылы қызметтер Жетісу облысында – 1,7%.

2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3% болды.

Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ға, ақылы қызметтер 14,1%-ға өсті.

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%, кір сабын 87,6%-ға, кеңсе тауарлары 70,3% қымбаттады.

Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондарда) – 23%-ға, қырыққабат 15,2%-ға арзандады.

2022 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағасының индексін жасау кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 30,2%, ақылы қызметтердікі 29,1% құрайды.

Тегтер: азық-түлікҚазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz