Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды

Қорлан Нұрланқызы
05.09.2024
Жаңалықтар

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды. Штаб құрамына 6 саяси партия мен 20-ға жуық қоғамдық ұйым өкілдері кірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», — деді Ерлан Қошанов.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы бұл мәселені шешіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Штаб мүшелері алдағы уақытта өңірлердегі тұрғындармен кездесіп, атом энергетикасының артықшылықтары мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленген.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz