Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан желден энергия қуатын өндіреді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның желден энергия қуатын өндіріп, әлемде көшбасшы атануға барлық мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«Әлемде территориясының көлемі бойынша 9-орын алатын Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша айтарлықтай әлеуетке ие. Еліміздің жел, күн және гидроэнергетиканы дамытудың, заманауи технологияны енгізудің және орнықты дамудың жоғары потенциалы бар. Таяу уақытта республикада жел генерациясын дамыту бойынша әлемде көшбасшы позицияға ие болудың барлық мүмкіндігі бар», — деді Алмасадам Сәтқалиев Сенатта өтіп жатқан парламенттік комиссия отырысында.

Министр жел генерациясы барынша тұрақты екенін атап өтті.

«Бұл энергия көзі еліміз бойынша біркелкі бөлінуі мүмкін. Нәтижесінде ол тарифтердің өсуіне барынша аз әсер етіп, түпкі тұтынушыға салмақ түсірмейді. Қазақстандағы климат жел электр станцияларын салуға қолайлы. Жылдамдығы 5 м/с-тан асатын жел дәліздерінің болуы жел турбиналарын салуға ыңғайлы. Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстандағы жел энергетикасының энергетикалық әлеуеті — жылына 920 млрд. кВт/сағ Бұл ретте Каспий өңірі, оңтүстік, сондай-ақ оңтүстік-шығыста орналасқан Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасы жел энергиясының ең жоғары әлеуетіне ие», — деді ведомство басшысы.

Тегтер: электр

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz