Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласында құны 553 млн доллар болатын 10 жобаны жүзеге асырмақ, деп хабарлайды alataunews.kz 24.kz-ге сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Анкараға жасаған сапары барысында елімізде жылыжай кешені мен көкөніс қоймаларын салу, сондай-ақ бұршақ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отырғаны айтылды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 13 пайызға өскен. Ал қос елдің министрлері кездескен осы сапар аясында құны 2 млрд доллар болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды.

«Жалпы 2 млрд жуық құжаттарға қол қойылды. Ол өте маңызды. Бізге Қазақстанға керек. Түркияға да керек. Сондықтан, бұл жұмыс дұрыс атқарылады деп ойлаймын. Ал енді оны бақылауға ұстау үшін екі мемлекеттің жұмыс тобы бар. Сол жерде біз бақылауда ұстаймыз. Және министрмен келістік. Ол кісі де оны қолдап отыр. Одан басқа, біз жол картасына қол қойдық. Сол жол картасында қандай проектілер, қандай жұмыстар атқарылатын болады және қай уақытта, кім жауапкершілік алады бәрі жазылған. Қазір тағы 10 инвестициялық ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның жалпы құны — 553 млн АҚШ доллары. Сондай-ақ қазақ кәсіпкерлері Түркияға алғашқы бетте 80 млн доллардың етін жеткізбек. Дегенмен тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті әлдеқайда жоғары екенін, сондықтан сауда-инвестициялық ынтымақты арттыра түсу қажет», — дейді Айдарбек Сапаров.
Тегтер: экспорт

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz