Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан ТМД-дағы ең қымбат ел атанды

Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 91-орынға ие болды, деп хабарлады Finprom.kz.

23.08.2023
Жаңалықтар

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өмір сүру құны рейтингісінде Қазақстан 91-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі – 25,4. Индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағаланады.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат мемлекеттік бірі атанды. Тізімде Армения – 57 орында, Беларусь – 98, Молдова 101, Ресей – 110, Қырғызстан – 111, Әзербайжан – 119, Өзбекстан 125-орында тұр.

Алдыңғы орындарды Бермуд және Кайман аралдары, Сингапур, рейтингтің соңында Пәкістан тұр.

Биыл шілденің қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14%-ға өсті. Биыл қаңтар–шілдеде бағаның өсуі (2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда) 17,2% болды.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), Қарағанды және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (әрқайсысында 0,8%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (әрқайсысында 15,4%), ал ең азы Атырау облысында (11,8%) байқалды.

Тегтер: Қазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz